Талғат Жақан басшылық қызметке тағайындалды

9 қыркүйекте Сенат депутаттары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанның өкілеттігін тоқтатты. Талғат Амангелдіұлы Жақанның басқа жұмысқа ауысуы туралы өзі өтініш берген.

Айта кетейік, Талғат Жақан 2007 жылғы шілдеден қазан айына дейін сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды;

2007 жылдың қазанынан 2010 жылға дейін – Парламент Сенаты аппарат жетекшісінің орынбасары;

2010 жылдан 2012 жылдың ақпанына дейін – Премьер-министр кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалар мониторингі бөлімінің меңгерушісі;

2012 жылдың наурызынан қазанына дейін – премьер-министрдің кеңесшісі;

2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін – Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2014 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін – ТМД Атқару комитетінің қаржы департаментінің директоры (Мәскеу);

2016 жылдың 16 қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.