70 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 16 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 72 789 адам (64 262 + және 8 527 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 13 610 науқас, амбулаторияда 59 179  науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 064 адамның жағдайы ауыр, 317 пациенттің жағдайы өте ауыр. 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Пневмония. Коронавирус
Иллюстрация: DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 3 081 адамнан коронавирус анықталды.