Басты бетЖаңалықтарАлматыда Esquire...

Алматыда Esquire журналының іс-шарасына тыйым салынды

Алматыдағы санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қабылданған шаралар жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Таза ауада демалудың ерекше үлгісін қалыптастырған кезекті шара 18 қыркүйекке жоспарланған. Алматыдағы гольф клубтардың бірінде өтетін шараға «Ashyq» арқылы кіруге болатыны алдын ала хабарланды. Дегенмен, Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті Алматыда жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынғанын атап өтті.

Бұл шараның алдын алу үшін мониторинг тобы жіберіліп, жолға патрульдік полиция көлігі қойылды, − деді Сәдуақас Байғабылов.