9 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 6 969 069 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды, ал вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 5 795 901 адамды құрап отыр, – делінген хабарламада.
Вакциналау бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 899 435 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 783 761.
Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 146 858 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін, ал тек 114 921-і екінші компонентін ғана салдырған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Өткен тәулікте 4 106 адамнан коронавирус анықталды.
