Ауа райы: Қазақстаның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 жылы, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 жылы, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 жылы болады, — делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 градусқа дейін көтеріледі.