Мәліметтерге сүйенсек, жемқорлық фактілері – 33, ұрлау – 12 және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану бойынша 5 іс қозғалған.
Анықталған деректер бойынша 43 тұлға, яғни республикалық маңызы бар 2, облыстық маңызы бар 1, аудандық және қалалық маңызы бар 2 басшы жауапқа тартылды.
Наурыз айының соңында перзентхана директоры делдалмен бірлесе отырып, науқастарға қолайлы жасағаны үшін пара алған. Оған мемлекеттік мемлекеттік қызметке тұру құқығынан өмір бойына айыра отырып, 27 миллион теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, – деді Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов.
Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жеделдету бойынша республикалық балалар орталығы директорының ісі әшкереленді. Ол «ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған.
Оған өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – агенттіктің өкілі.
Сонымен бірге спикер қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Полиция департаментінің процессингтік орталығының қызметкерлеріне қатысты 247 миллион теңге сомасына айыппұлдарды заңсыз есептен шығару фактісі бойынша қылмыстық істің аяқталғанын және іс сотта қарастырылып жатқанын айтты.
