Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанның алғашқы Паралимпиада чемпионы Токиода финалға шықты

Фото: Sportv.globo.com

Зүлфия Ғабидуллина қашықтықты 44,57 секундта жүзіп өтіп, өз тобында төртінші орын алды. Бұл финалға шығуына мүмкіндік берді.

Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16.38-де басталады. 

Еске салайық, Зүлфия Ғабидуллина 2016 жылғы Рио Паралимпиадасы мен 2018 жылғы Пара Азия ойындарында алтын медаль алған болатын.

Айта кетейік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына бес медаль бар. Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) алтын медаль алса, дзюдошылар Әнуар СариевТеміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанған. Ал кеше, 1 қыркүйекте жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.

Мақалаға реакция