Паралимпиада-2020: Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңді

100 метрге брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында өткен жарыста қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.

Бұл бәсекеде германиялық Талисо Энгель жеңімпаз атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміс медаль иеленді.

Айта кетейік, қазақстандық паралимпиадашылар Токиода бесінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін пауэрлифтингтер Давид Дегтярев алтын алса, Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина дзюдодан күміс медаль иеленді.