Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Атыраудан шыққан дзюдошы Парадзюдошы Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарындағы екінші кездесуін сәтті өткізіп, финалға жолдама алды. Ол алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы Сүхэбаатар Ядамдоржды ұтқан еді. Жартылай финалда жерлесіміз венесуэлалық Бланко Маркос Денистен басым түсті

Атыраулық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Вугар Ширинлимен татамиге шықты. Белдесу барысында алдымен В.Ширинли вазаримен алға шықты. Іле-шала Ә.Сариев таразы басын теңестірді. Жекпе-жек соңына таман әзербайжандық дзюдошы тағы бір вазари еншілеп, таза жеңіп кетті. Енді, міне, бұл жолы күміс медальға қол жеткізіп отыр. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль.

Еске сала кетейік, кеше ел қоржынына Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені иеленген еді.