Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық дзюдошы 70 келіден астам салмақта финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримовамен алтын жүлдеге таласты.

Бұл бәсекеде әзербайжандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.

Тағы бір қазақстандық Жанбота Аманжол 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Гелиос Лачуманаядан иппонмен ұтылып қалды.

Осылайша парадзюдодан Қазақстан құрамасы үш күміс жүлдені жеңіп алды.

Осыған дейін Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет өз салмақтарында екінші орын алды.

Сондай-ақ пауэрлифтингтен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.