Токио Паралимпиадасындағы алғашқы алтын медаль

Биыл спортшының нәтижесі айтарлықтай өскені байқалады. Оған себеп, ол 2018 жылы Джакартада өткен Пара Азиадада 157 келімен күміс медаль алған еді. 2019 жылы астанада өткен әлем чемпионатында 162 келімен 5-орынмен шектелген.

Осы жылы отандасымыз Тбилисиде өткен Әлем кубогында 185 келімен алтын жүлде иеленген. Айта кетерлігі, ол карьерасындағы басты жеңісіне қол жеткізді. Бұл салмақта француз Бурлон Аксель (165 келі) «күміс», ал «қола» жүлде грек Бакочристос Димитриоске (165 келі) бұйырды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындары аясында бірінші марапатқа ие болды.

Еліміздің тарихында жазғы Паралимпиада ойындарында екінші рет алтын олжалады. Бірінші алтынды Риода жүзуден Зүлфия Ғабидулина еншілеген еді.

Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында өмірге келді. Давид пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналыса бастады. Бүгінде оны жеке жаттықтырушы ретінде Колесников Юрий Николаевич жаттықтырып келеді.