Даулет Теміржан Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды

73 келіге дейінгі салмақта Дәулет алтын медальді өзбекстандық Феруз Саидовпен сарапқа салған. Өзбек балуаны иппон ұпайымен жеңді, — деп хабарлады.

Еске салайық, 1/8 финалда Теміржан Дәулеттің қарсыласы әзербайжандық Рамиль Гасимов бозкілемге шықпай, техникалық жеңіліс тіркелген. Ал ширек финалда Дәулет неміс Николай Корнхасты, жартылай финалда грузин Георгий Калданиді жеңген болатын.

Осылайша, Қазақстан қоржынына Токио Паралимпиадасының үшінші медалі түсті. Бұған дейін Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) «алтын», Әнуар Сариев (дзюдо) күміс медаль алған еді.