Атырауда жылына 65 миллион жұмыртқа өндіріледі

Бұған дейін 3 есе аз өнім шығарып келген компания бұл көрсеткішке аймақтағы “Атырау” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының көмегінен соң жетті. Жобаға 40 миллион теңге инвестициялық займ беріліп, зауыттағы тауықтардың саны 100 мыңннан 200 мыңға дейін көбейген.

2013 жылы құрылған құс фабрикасы қазір облыс халқының сұранысын 70 пайызға өтеп отыр.

Аймақта жұмыс істеп тұрған жемістер мен көкөністерді өңдеу, оларды консервілеу, мал жүнін өңдеп, тауар шығару зауыттарына да жалпы көлемі 130 миллион теңгеге жуық ақша бөлінді.

Қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы инвесторлармен бірігіп құны 107 миллиард теңге болатын 35 жобаны жүзеге асырады.