Басты бет / Жаңалықтар /
77a6ee6286f53fb0e3b66402fd1d4dc6 Жамбыл облысында ауадан радиация деңгейінің артуы анықталмады
Видео скрині

Жамбыл облысында ауадан радиация деңгейінің артуы анықталмады

Өрт шыққан Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85 тұрғын) елді мекендері Тараздан 20 шақырым қашықтықта, оңтүстік-шығыс бағытында орналасқан.

Ластаушы заттардың шоғырлануы келесі химиялық қосылыстар бойынша өлшенді: қалқыма заттар (шаң), азот диоксиді/оксиді, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, формальдегид және фтор сутегі. Өлшеу 5 нүктеде жүргізілді. Олар:

№ 1 нүкте: Тараз-Алматы трассасы, Тараз қаласынан 5 шақырым жерде. Іріктеу уақыты 10с:40 минут, оқ — дәрі қоймасынан қашықтық 14 шақырым құрайды, атмосфералық ауа температурасы 30,4 0С, желдің жылдамдығы 4 м/с, бағыты оңтүстік-батыс; радиация деңгейі 0,12 мкзв/сағ.

№ 2 нүкте: Байзақ ауылынан 500 метр бұрылыста. Іріктеу уақыты 11с:15 минут, оқ-дәрі қоймасынан қашықтық 12 шақырым құрайды, атмосфералық ауа температурасы 33,2 0С, желдің жылдамдығы 8 м/с, бағыты оңтүстік, оңтүстік-батыс, радиация деңгейі 0,17 мкзв/сағ.

№ 3 нүкте: Байзақ ауданы Үшбұлақ кентінің маңында. Іріктеу уақыты 11с:50 минут, оқ-дәрі қоймасынан қашықтық 8 шақырым құрайды, атмосфералық ауа температурасы 34 0С, желдің жылдамдығы 7 м/с, бағыты оңтүстік-батыс, радиация деңгейі 0,15 мкзв/сағ.

№4 нүкте: Байзақ ауданы Жібек жолы кентінің маңында. Іріктеу уақыты 12с:28 минут, оқ-дәрі қоймасынан қашықтық 3,5 шақырым құрайды, атмосфералық ауа температурасы 28,2 0С, желдің жылдамдығы 7 м/с, бағыты оңтүстік, оңтүстік-батыс, радиация деңгейі 0,17 мкзв/сағ.

№5 нүкте: Сарыкемер ауылынан шығу жерінде. Іріктеу уақыты 13с:10 минут, оқ – дәрі қоймасынан қашықтық 10 шақырым құрайды, атмосфералық ауа температурасы 30 0С, желдің жылдамдығы 7 м/с, бағыты оңтүстік, оңтүстік-батыс, радиация деңгейі 0,15 мкзв/сағ.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, өлшеу нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы мен радиация деңгейінің артуы анықталған жоқ.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok