90 жастағы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

Бұл туралы ғалым Алмаз Шарман Instagram-парақшасында жазды. Ол Төрегелді Шарманов Sinopharm шығарған Vero Cell вакцинасын салғызғанын жазды.

Бүгінде бүкіл әлемді қауіпті инфекция жаулап алды. Бұл — коронавирус. Бұл қауіпті инфекциядан бір ғана жолы бар (қорғанудың. — ескерт.) — бұл вакцинация. Мен жылдар бойы өзіме осындай қауіп төндіріп келдім. Вакцинация тек өзін ғана емес, сонымен қатар туыстар мен достарды қорғау екеніне сенімдімін, — деді академик.

Төрегелді Шарманов қазақстандықтарға жалған жаңалықтар туралы да ескертті.

Қазір вакцина қауіпті деген жалған ақпарат тарады. Сенбеңіз, вакцина — бұл жалғыз қорғаныс әдісі және отбасы мен достар арасында қалудың жалғыз жолы. Маған ештеңе болған жоқ, мен сенімдімін және вакцина алғаныма қуаныштымын, — деді ғалым.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Almaz Sharman (@almaz_sharman)

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 6 466 823 қазақстандық, II компонентін – 5 152 752 адам салдырды.