Алматының барлық вакцинация пунктінде осы аптада Vero Cell болады

2021 жылдың 14 тамызындағы жағдай бойынша Алматыға Sinopharm компаниясы шығарған Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы (бірінші компонент) жеткізілген.

Осы аптада қосымша 35 мың доза жеткізіледі деп күтіліп отыр.

Vero Cell вакцинасы қалалық емханаларға жеткізілді, қосымша ақпаратты Телемедицина орталығының 3000 505, 1312 телефон нөмірлеріне хабарласып біле аласыздар. Осы аптада қаладағы барлық емхана Vero Cell вакцинасымен қамтамасыз етіледі, — деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 13 тамызда бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов Vero Cell вакцинасын қолдану туралы қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, Қазақстанның 18-ден асқан әр азаматы бұл вакцинаны салдыра алады.