Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алексей Цой азаматтарды вакцина таңдамауға үндеді

Фото: Бақдәулет Әбудалы

Қазақстанда қазіргі уақытта вакциналар жеткілікті. «Спутник V», Sinopharm және QazVac вакциналары арасында таңдау бар. Біз басқа вакциналарды жеткізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, бірақ сіздерге тағы да барлық вакцинаның күші бар екенін айтқым келеді. Вакциналардың кез-келгенінің әсері бар. Басқа вакцинаны күтудің қажеті жоқ. Күтіп, ауырып қалудың орнына қазір екпе салдырғаныңыз дұрыс. Біз олардың тиімді екенін көріп отырмыз, сондықтан бренд қуудың қажеті жоқ, — деді министр.

Ведомство басшысы бұған дейін Қазақстанда вакцина салдырған 115 адам қайтыс болғанын айтты.

2021 жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 276 224 адам, 2-компонентін 4 913 196 адам салдырды.