Басты бет / Жаңалықтар /
35e0b1719ff106cffd14d625e22657f7 Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Фото: Newtimes.kz

Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады

Еліміздің бірінші ракеткасы алғашқы айналымда 186-орында тұрған 37 жастағы аустралиялық US Open турнирінің 2011 жылғы жеңімпазы Саманта Стосурмен кездесті.

Еске салайық, қос қарсылас Токио Олимпиадасында ойнап, онда Е.Рыбакина 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірген еді. Бұл жолы да бірінші партияда қазақстандық спортшы брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. Теннисші екінші сетті де брейкпен бастап, 2:0 және 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Енді Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 16-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасады.

 

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram