Жамбыл облысында жол апатынан жасөспірім қайтыс болды

Жантүршігерлік жол апатынан 12 жастағы бала қайтыс болды. Ал 11 жастағы бала түрлі дене жарақаттарымен Байзақ ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда жол апатынан кейін жүргізуші көлікті оқиға орнында қалдырып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, 347-бабы (Ауыр зардаптар туындаған жағдайда көлік құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы ) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті сот сараптамалары тағайындалды, — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жүргізуші анықталып, оны бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.