Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматының 280 мыңнан астам мектеп оқушысы дәстүрлі форматта оқиды

Фото: Айгүл Хожантаева

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматының білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.

Ләззат Жылқыбаеваның сөзінше, Алматыда 278 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, 71-і жекеменшік. Тағы 8 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте ашылады.

Шамамен қала мектептерінде 1-ден 11-класқа дейін 280 мыңнан астам бала оқиды. Бүгінде 30 мыңға жуық бала бірінші класқа барады, — деді Ләззат Жылқыбаева.

Білім басқармасының басшысы мектептерде белсенді дайындық жүріп жатқанын, денсаулығына байланысты емделіп жүргендерді қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің 100% вакцина салдырғанын айтты.

Біз балалардың офлайн режимінде оқуын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салып жатырмыз, өйткені мұғалімдер мен оқушылар арасындағы тікелей қарым-қатынасты ештеңе алмастыра алмайды. Бүгінде барлық білім беру ұйымы — Ashyq жобасының қатысушылары және қажетті мөлшерде дезинфекциялаушы және антисептика заттарымен қамтамасыз етілген, — деді ол.

Дәстүрлі оқыту форматына көшу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

Мектептерде температураны өлшеу, визуалды тексеру, желдету, кварц, тазалау, ішу режим, есік тұтқаларын антисептикпен өңдеу, дәретхананы дымқыл тазалау әр 2-3 сағат сайын жүргізіледі, — дейді Білім басқармасының басшысы.

Ләззат Жылқыбаева
Ләззат Жылқыбаева. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар бастауыш, орта және жоғары класс оқушыларының мектепке бөлек (балалар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін мектепке әртүрлі кіреберістен жіберіледі) кіруі қарастырылған.

Ләззат Жылқыбаева Алматыда оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар сақталғанын да айтты. Сонымен бірге классика стильіндегі ыңғайлы киіммен мектепке баруға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, биыл 1 қыркүйекте барлық мектептің 1-класс оқушысына Әліппе және Букварь оқулықтары ашық аспан астында тапсырылады.

2-11 класс оқушылары үшін бекітілген аудиторияларда сынып сағаты өтеді.