Қазақстан Токио Олимпиадасын 83-орынмен аяқтады

Токиодағы Олимпиада ойындарында 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алды. Бұл — Олимпиада ойындарының рекорды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах мәлім етті. Олимпиаданың барлық жарысы көрерменсіз өтті.

Томас Бах Олимпиада COVID-19 таралмады. Ойынға қатысушылардың 0,02 пайызынан ғана оң сынама нәтижесі алынды. Бұл — өте төмен көрсеткіш.

Жалпы есепте бірінші орынды 39 алтынмен АҚШ құрамасы иеленді. Екінші орында 38 алтын медальмен Қытай тұр, ал Жапония үздік үштікте — 27 алтын медаль.

Фото: Olympickz Instagram-парақшасы

Қазақстан жалпы есепте 83-орынға тұрақтады. Ел командасы Олимпиада ойындарында сегіз қола медаль жеңіп алды. Олимп жүлдесін иеленген спортшылар тізімі:

Елдос Сметов (дзюдо)

Игорь Сон ( ауыр атлетика)

Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика)

Нұрислам Санаев (еркін күрес)

Дархан Асаділов (каратэ)

Софья Берульцева (каратэ)

Сәкен Бибосынов (бокс)

Қамшыбек Қоңқабаев (бокс)