Тағы бір қола. Нұрислам Санаев жүлдеге ие болды

Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды деп жазады Olympic.kz.

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты.

Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді.

Бұл қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі екенін естеріңізге саламыз.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында алты қола медаль бар. Бокстан Нұрислам Санаев, Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов алса, дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген еді.