Алғашқы медаль. Елдос Сметов — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленіп отыр, — делінген хабарламада.

Токио ойындарында Елдос Сметов алдымен Түркия, кейін Оңтүстік Корея балуанын жеңді. Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есе жіберді.

Қола медаль үшін өткен кездесуде Елдос Сметов бар күш-жігерін салып, Қазақстан қоржынына Токио ойындарындағы алғашқы жүлдені салды.

Елдос Сметов, Дзюдо, Токио
Фото: Жеңіс Ысқабай

Айта кетелік, Елдос Сметов 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері.