Дархан Асаділов каратеден Токио олимпиадасының қола жүлдерегі атанды

Olympic.kz-тің мәліметінше, ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды.

Дархан Асаділов — карате тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында жеті қола медаль бар. Каратеден Дархан Асаділов, еркін күрестен Нұрислам Санаев, бокстан Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов алса, дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло, қола медаль иеленген еді.