Басты бетСпорт4 тамызда...

4 тамызда қазақстандықтар Қамшыбек Қоңқабаевқа жанкүйер болады

Ертең боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалдағы кездесуін өткізеді. Сонымен бірге еркін күрес жарысы басталады. Қазақстан атынан бірінші болып Нұрислам Санаев шығады.

  • Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жекелей сын. 200 метр

07:12. Маргарита Торлопова

  • Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жекелей сын. 500 метр

07:47. Наталья Сергеева

  • Еркін күрес. Ерлер, 57 келі. 1/8 финал

08:30. Нұрислам Санаев — Диамантину Иуна Фафе (Гвинея-Бисау)

  • Бокс. Ерлер, 91 келіден жоғары. Жартылай финал

12:18. Қамшыбек Қоңқабаев — Ричард Торрес (АҚШ)

  • Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу

12:30. Сергей Пономарев.

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев 1/8 айналымда Египет боксшысы Есри Мұстафаны, ширек финалда ресейлік Иван Верясов жеңді.

Ол Токио Олимпиадасының ашылу рәсімінде жеңілатлет Ольга Рыпаковамен бірге Қазақстан туын ұстап шықты.

Токио-2020, Олимпиада
Фото: Olympic.kz

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.