Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Елімай-Ордабасы» ойынындағы дау: облыс әкімі жанкүйерлерге жауап берді

Фото: Sports24.kz

Не болды?

Семейде 14 маусым күні «Елімай» мен «Ордабасы» командасының арасында өткен матчтан кейін төрешіге қатысты дау туды. Абай облысының әкімі Берік Уәли жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Жанжал ойын барысында басталған. Кездесудің 39-минутында бас төреші Арман Есмұратов «Елімайдың» соққан голын есепке алмады. Екінші таймның басында тағы бір гол есептелмеген. Бұл жолы VAR жүйесі төрешінің шешімін қолдап, шабуыл кезінде офсайд болғанын растады.

  • VAR (Video Assistant Referee) – төрешілерге даулы сәтті бейнежазбадан қарап, тексеруге көмектесетін жүйе. Ол гол, пенальти, қызыл қағаз немесе ойыншыны қате анықтау сынды ойынның маңызды минутын қайта қарап, бас төрешіге кеңес береді.

Алайда негізгі дау матч аяқталғаннан кейін басталған. «Елімай» клубының өкілдері төрешінің шешіміне наразылық білдіріп, алаңда қызу пікірталас туған. Нәтижесінде команданың бас бапкері Андрей Карпович пен жартылай қорғаушы Жан-Әли Пайруз қызыл қағаз алып, келесі ойыннан шеттетілді.

Бапкер Андрей Карповичтің айтуынша, төреші Арман Есмұратов бапкер мен клубты балағаттап, матч аяқталғанша командаға қоқан-лоқы көрсеткен. Бапкердің сөзіне қарағанда, мұндай әрекет кәсіби төрешіге тән емес. Сонымен қатар әлеуметтік желіде төрешінің бейәдеп сөздер айтқан бейнежазбасы тарады.

Жанкүйерлердің үндеуі

Ойыннан кейін «Елімай» жанкүйерлері Абай облысының әкімі Берік Уәлиге үндеу жасап, жағдайды бақылауға алып, төрешілер бригадасының әрекетіне объективті баға беруді сұраған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «ЕЛІМАЙ» ОТБАСЫ (@elimai.family)

Өңір басшысы Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен сөйлескенін мәлімдеді. Омаровтың айтуынша, федерация бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрып, барлық мән-жайды жан-жақты тексереді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 018.KZ — ABAI AQPARAT (@abaiaqparatkz)

Бұған дейін де Арман Есмұратовтың басы дауға қалған. 2020 жылы «Атырау» мен «Шахтер» арасындағы матчтан кейін футболшымен жанжалдасқаны үшін маусым соңына дейін төрелік етуден шеттетілген.

Қазір футбол қоғамдастығы арнайы комиссияның қорытындысын күтіп отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, әлем чемпионатында бүгін төрт ойын өтеді. Матч кестесімен мына жерден танысыңыз.

Мақалаға реакция