Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әлем чемпионатында бүгін 4 ойын өтеді. Матчтар кестесі

Фото: Siphiwe Sibeko/Reuters
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 15 маусым мен 16 маусымға қараған түні топтық кезеңнің төрт кездесуі өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бүгінгі матчтар кестесі

Н тобы

  • 15 маусым, 22:00 — Испания – Кабо-Верде
  • 16 маусым, 03:00 — Сауд Арабиясы – Уругвай

G тобы

  • 16 маусым, 00:00 — Бельгия – Мысыр
  • 16 маусым, 06:00 — Иран – Жаңа Зеландия

Биылғы әлем чемпионаты FIFA тарихындағы ең ауқымды турнир ретінде өтіп жатыр. Тарихта алғаш рет үш мемлекет – АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп қабылдап отырған әлемдік дода 11 маусымда басталып, 19 шілдеге дейін жалғасады. Турнир ойындары Солтүстік Американың 16 қаласында ұйымдастырылып жатыр.

Сонымен қатар алғаш рет жарысқа 48 ұлттық құрама қатысып, топтық кезеңде бақ сынайды.

Матчтардың негізгі бөлігі АҚШ аумағында өтеді. Елде жалпы 78 кездесу ұйымдастырылса, Канада мен Мексикада 13 ойыннан өткізіледі.

Әлем чемпионатына соңғы рет қатысып жатқан футболшылар кім?

Мақалаға реакция