Не болды?
Ақбота Нұрақын, көпшілікке Bota Mia есімімен белгілі инфлюенсер, танымал фуд-блогердің сынына ұшырады. Контент авторы Ақбота Нұрақынның ой мен бейнежазбасындағы кей кадрды қайталағанын айтып, әлеужеліде наразылығын білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Instagram желісінде @feastwithwei лақап атымен танылған блогердің айтуына қарағанда, Pasta Mia брендіне арналған жарнама ролигінде өз бейнежазбасына ұқсас көрініс қолданылған. Шетел блогері контентті түсіруге және өңдеуге шамамен 60 сағат уақыт жұмсағанын айтты. Ал кадрлар жасанды интеллект көмегімен өзгертіліп, қолданылған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Жазбада аты-жөнінің көрсетілмегені және еңбегінің коммерция мақсатында қолданылғаны авторды алаңдатқан. Сонымен қатар роликте дауысы да өзгертіліп, бейнежазбаға қойылды деп күмәнданып отыр.
Алайда оқырманынан Қазақстан блогеріне артық пікір жазбауды сұрап, бұл жағдайды жанжалға айналдырғысы келмейтінін айтты.
Айыптаудан кейін Ақбота Нұрақын өз парақшасында түсініктеме беріп, кейін бейнежазбаны өшірген.
Сіздің идеяңыз ұнады, сондықтан өз нұсқамды жасап көргім келді. Мұндай форматты басқа авторлардан да көріп, тренд ретінде қабылдадым, – деп жазды Ақбота Нұрақын.
Блогердің продюсері Балауса Нұрғазы да пікір білдіріп, ешкімнің еңбегін иемдену немесе автордың үлесін жоққа шығару мақсаты болмағанын айтты.


Кейін Threads-те @iskarrova есімді желі қолданушысы блогерлердің, әсіресе дауға қатысы бар Ақбота Нұрақынның ойын қайталып, бейнежазба түсіргенін айтты. Алайда бұл жағдайда да контент авторы белгіленбеген.
Мен де Bota_mia, Razziyuwa секілді блогерлердің идеяымды ешқандай белгісіз пайдаланған жағдайға куә болдым. Біреудің жұмысынан шабыт алу қалыпты нәрсе, бірақ авторды атап өту құрметтің белгісі. Сондықтан фуд-блогердің ұстанымын түсінемін және қолдаймын, – деді желі қолданушысы.

Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыға миллиондаған аудиториясы бар шетелдік блогерлер келді.
