Бокстан Қазақстан құрмасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға шықты

Қамшыбек Қоңқабаев 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қамшыбек Қоңқабаевқа берді, — делінген хабарламада.

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы — Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов.

Қамшыбек Қоңқабаев, Бокс
Фото: Olympic.kz, Сали Сабиров
Қамшыбек Қоңқабаев, Бокс
Фото: Olympic.kz, Сали Сабиров

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының ашылу рәсімінінде Қазақстан туын алып шықты.

28 шілдедегі нәтиже бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарынан үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон ұтып алды.