Басты бетСпортТокио-2020: гимнаст...

Токио-2020: гимнаст Милад Карими үшінші финалда соңғы орын алды

Іріктеу кезеңінде Милад Карими аталған жаттығу бойынша екінші орында тұрды.

Қазақстандық спортшының бағдарламасы ең қиын бағдарламалар қатарына кіреді. Алайда, Милад жаттығуды орындау барысында екі рет құлап қалды да, ұпайы төмендей түсті. Ол 11.266 ұпаймен сегізінші орын иеленді, — делінген хабарламада.

Милад Карими
Фото: Olympickz, Тұрар Қазаңғапов
Милад Карими
Фото: Olympickz, Тұрар Қазаңғапов

Гимнасикалық кермедегені жаттығуда жапониялық Даико Хасимито (15.066) чемпион атанды. Екінші орында хорватиялық Тино Србич (14.900), үшінші орында ресейлік Никита Нагорный (14.533).

Милад Карими
Фото: Olympickz, Тұрар Қазаңғапов

Айта кетелік, Милад Карими еркін жаттығуда 5-ші, көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орын алды.