Президент Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді, — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Берік Уәли (@berikuali)

Бұған дейін Тараздың бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны хабарланған еді.

Қайрат Досаев
Қайрат Досаев. Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, ол 2019 жылдың қараша айында қала мектептерінің бірінде 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына байланысты Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатуды тапсырған.