Токио 2020: қазақстандық алғашқы спортшы жарыс жолына шықты

Қазақстандық спортшы өз тобында үшінші орын алып, іріктеудің бірінші айналымынан өтті. Іріктеу сайыстарының нәтижесі бойынша Владислав Яковлев 7.10.08 уақытын көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.

Есушілердің жекелей сындағы финалы 30 шілдеде өтеді. 

Айта кетейік, бүгін, 23 шілдеде Олимпиадада қазақстандық садақшылар бақ сынайды. Сайысқа Денис Ганькин, Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин қатысады. Іріктеу Нұр-Сұлтан уақытымен 10.00-де басталады.

Ал 17.00-де Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді.

ДереккөзTengrinews.kz