Нұр-Сұлтанда көше спортына арналған колизей ашылды

Әкімнің айтуынша, қалада таза ауада демалатын жаңа орындар ашылып жатыр. Соның бірі — NS street life көше спортына арналған колизей.

Бұл екі деңгейлі мультифункционал арена. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары баскетбол, футбол ойнап, осы спорт түрлерінен жарыстар, сол сияқты бокс және би турнирлерін өткізе алады. Екінші қабатта көлеңкелі шатырлар орналасқан, —   дейді Алтай Көлгінов.

NS street life көше спорты колизейі Алматы ауданында Мұңайтпасов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында (Отан қорғаушылар алаңы маңайы) орналасқан. Колизейдің жанында коньки алаңын ашылады.

Қалада жаңа орындар ашу, сол сияқты бұрынғы орындарды сақтау өте маңызды, — дейді әкім.

Нұр-Сұлтан колизей
Фото: Елорда әкімдігінің сайты

Есіл өзенінің жағалауы бойындағы саябақта (“Қалалық романс” ТК жағынан) балалар мен ересектерге арналған тағы бірнеше аймақ абаттандырылды: төбешіктер, “питон” ойын аймағы (арқан конструкциясы), үлкен құмсалғыш, түрлі ойын элементтері, ересектер үшін демалуға арналған тыныш аймақтар және тағы басқа ашылды. Сонымен қатар, бұл ауданда өзен мен аймақ көрінетін екі қабатты бақылау алаңы орнатылды. Ол аумақтан алыс емес жерде көпір асты кеңістік (Сарайшық бойында) орналасқан. Онда баскетбол, воркаут, йога алаңдары, футбол алаңы және тағы басқа бар.

Бұл елорда тұрғындарының бос уақытын денсаулығы үшін пайдалы өткізуіне, сол сияқты спортпен шұғылдануына болатын орындарды барынша көп қамтуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарының ерте жастан спортпен шұғылдануы маңызды, — деп жазды елорда Әкімі.