Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Мынадай екі мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, міндетті екпе салу кезінде асыра сілтеу болмауға тиіс. Медицина себептеріне және белгілі бір жағдайларға байланысты екпе салдырмайтын адамдар бар. Мемлекеттік органдар, әсіресе мониторинг жүргізу топтары осы мәселені ескеруі керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, жалған құжат жасау — қоғам денсаулығына төнген қауіп.
Екіншіден, вакцинация құжатын жасау нарығы пайда болды. Бұған дейін де айттым. Мұндай деректерді тұтас қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп түсіну қажет. Демек, жазаға тарту шарасы да қатаң болуға тиіс. Бұл Әкімшілік кодекске сәйкес заң бұзушылық болып саналады. Бірыңғай тестілеу базасының үлгісімен екпе салудың цифрлық картасын шұғыл түрде іске қосу керек,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
