Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесетін болды

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парағында мәлімдеді.

30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамыту перспективалары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр, — деп жазды Айдос Үкібай.