Қазақстан мен Тәжікстан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Екі елдің көшбасшылары өзара сауда-саттықты ұлғайту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында үкіметтердің уақытылы әрі тиімді іс-қимылдарының маңызды екенін айтты.

Эмомали Рахмон Тәжікстанға гуманитарлық көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да, соның ішінде, әскери-саяси сипаттағы бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін айтты.

Сонымен бірге алдағы кездесулер кестесі талқыланды.