Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Құжатқа сәйкес, Жандарбек Бекшин қаулы етті:

1. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ӨКП, мекеме басшылары қамтамасыз етсін:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына 6-қосымшаға сәйкес, ағымдағы жылдың 19 маусымынан бастап «жасыл» аймақ режимі бойынша ASHYQ жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттардың іске асырылуын;

2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11  маусымдағы №27 қаулысынының 2-қосымшасына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 маусымнан бастап жасыл аймақ режимі бойынша ASHYQ жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттардың іске асырылуын;

3) тұрғындардың қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте жүргенде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барғанда, сондай-ақ ашық аспан астында көпшілік орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық аспан астында спортпен айналысқанды қоспағанда) маска киюге, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және антисептиктерді қолдануға қатысты қойылатын талаптарын орындауын және оларға қызметіне рұқсат етілмеген объектілерге баруды тыйым салуды;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға және басқаларына) баруға 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтарға маска режимі мен кем дегенде 1,5 метр арақашықтықты сақтаған кезде рұқсат беруді;

5) төтенше жағдайлар кезін қоспағанда, қатысушыларда COVID-19 -ға қарсы вакцина алғандығы туралы құжаттары болған жағдайда, оффлайн тәртібіндегі жиналыстарды өткізуге рұқсат етуді;

6) «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

7) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беруді;

8) қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және авто — вокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

9) білім мекемелеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тыйым салуды;

10) коронавирус инфекцияның белсенді ошақтары бар үйлердегі аулалар мен квартал ішіндегі балалар алаңдарды, кіреберістер мен лифтілерді, соңғы аялдаманың кіреберісіндегі әр қоғамдық көліктерді күнделікті дезинфекциялауды;

11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласындағы филиалы COVID-19  бойынша оң нәтижелері болған сынамаларды мутацияланған штамдарды анықтау үшін  МПК зертханасына жіберуді;

12)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Алматы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы коронавирус инфекция ошақтарында лифтілерді, баспалдақ алаңдарын және лифтіге дейін және лифтіден кіреберістен шығуға дейінгі марштарды қамти отырып қорытынды дезинфекциялауды қамтамасыз етсін; лифт болмаған жағдайда — КВИ-мен ауыратын науқастың пәтерінен кіреберістен шығуға дейінгі баспалдақ алаңдары мен марштарды 1 рет дезинфекциялауды;

13) Мониторингтік топтармен объектілерде және қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу іс-шараларының орындалуын бақылауды;

14) COVID-19 қарсы вакцинацияның толық курсын алғандығы туралы деректі дәлелдері бар және КВИ-мен ауырған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін (әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері, мониторингтік топтардың мүшелері, прокурорлар, полиция, Алматы қаласының төтенше жағдайлары қызметі, аймақтық бөлімшелерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, ұлттық қауіпсіздік, соттар, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, әлеуметтік қорғау), сондай-ақ мүгедектерге күтім жасайтын еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлер (ұсынылған әкімдіктердің тізімдері бойынша), мәйітхана қызметкерлері мен сот-медициналық сарапшылар), ай сайынғы 1 — профилактикалық мақсаттағы зертханалық тексеруден өткізуді;

Осы қаулы 2021 жылдың 19 маусымнан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматы «жасыл» аймақта болғандықтан карантин жеңілдейтінін айтқан болатын. Оның айтуынша жаңа қаулыда:

  • Шаралар екі блокқа бөлінеді: Ashyq жобасына қатысатын нысандар мен қатыспайтындар.
  • Супермаркет, азық-түліктік емес дүкендер, азық-түлік сататын және азық-түліктік емес базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды. Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
  • Мектепке дейінгі мекемелер де Ashyq жобасына қатыспаған, десек те қазір олар да шектеусіз жұмыс істеп жатыр, бірақ топтарды біріктіріп, шаралар ұйымдастыруға тыйым салынған және бұл шектеулер сақталады.
  • Кеңседе жұмыс істейтіндерге қатысты: қала «сары» аймақта болғанда 50%-не ғана кеңседен жұмыс істеуге рұқсат берілген, енді 70%-не рұқсат етіледі.
  • Діни нысандарда 30% толымдыққа рұқсат беріледі, әр адамға берілетін аумақ 4 шаршы метрден кем болмауы керек.
  • Қоғамдық тамақтану орындары бойынша — егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы — 50%, бірақ 70 орыннан аспауы керек. Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ 50 орыннан аспауы керек.
  • Фудкорттар 30% толымдықпен және түнгі сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеген болатын, енді олар шектеусіз жұмыс істейді.
  • Асханалар да Ashyq жобасына қатыспаған, десек те олар да тәулік бойы шектеусіз жұмыс істей алады.
  • Моншалар шектеусіз жұмыс істеп жатыр, бірақ олар Ashyq жобасына енгізілмеген. Сауна, СПА орталықтары мен бассейндер де шектеусіз жұмыс істеп жатыр.
  • Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса 50% толымдықпен жұмыс істейді, егер Ashyq жобасында жоқ болса 30% толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.