Алматыда карантин шектеулері жеңілдейтін болды

Жандарбек Бекшин журналистермен өткен брифингте Алматыдағы эпидемиология жағдайы тұрақтанғанын айтты.

Алматы 12 маусымнан бастап «жасыл» аймақта тұр. Айдың басынан бері коронавирустың таралуы 2 есе азайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 112 жағдайы тіркелді, ал тәуліктік өсім 0,1 пайызға төмендеді. Алматы қаласында эпидемия басталғалы КВИ-дің 71 820 жағдайы, ал осы жылдың басында 53 мыңнан астам жағдай тіркелген, — деді Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин сонымен бірге ауру ешқайда кетпегенін, кейінгі тәулікте мегаполисте КВИ жұқтырудың 112 жаңа жағдайы тіркелгенін атап өтті.

Алматыда 2020 жылдың наурызында COVID-19 індетінің бірінші толқыны басталған кезде 82 жағдай тіркелсе, барынша өсу көрсеткіші шілдеде болып (6 372 жағдай), қыркүйек айында аяқталды (165 жағдай).

Эпидемияның екінші толқыны қазанда басталып, 366 жағдай тіркелді. Ал барынша өсуі 2021 жылдың қаңтарына келіп (3 607 жағдай), ақпан айында аяқталды (2 945 жағдай).

Алматы қаласында COVID-19-дың мутацияланған штамдарының пайда болуымен биыл наурыздан бастап эпидемияның үшінші толқыны басталып, 9525 жағдай тіркелсе, инфекцияның  барынша өсуі сәуірде болды (19918 жағдай). Ал мамырда басталған төмендеу (15217 жағдай) қазіргі уақытқа дейін жалғасып, маусым айының 1 мен 15 аралығында барлығы 2087 жағдай тіркелді  (болжам бойынша 3100  жағдай).

Ал қазір жағдай оңалған, аурудың таралуы айтарлықтай бәсеңдеген. Халықтың 100 мыңына шаққанда ауру деңгейінің төмендеу динамикасы тұрақты, соңғы 7 күнде 64,7-ден 39,8-ге дейін азайды, — деді ол.

Еске салайық, 12 маусымнан бастап Алматы «жасыл» аймақта оралды.