Басты бет / Жаңалықтар /
0905f8d623e4a616299e0bf0145dfe4f Боксшы Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңілді
Фото: Ru.wikipedia.org

Боксшы Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңілді

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Жекпе-жек Лос-Анджелесте өтті. Бұған дейін Батыр Жүкембаев барлық кездесуін Канадада өткізетін.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Төртінші раундта Сабриэль Матиас қазақстандық боксшыны нокдаунға түсірді. Сегізінші раундтан кейін Батыр Жүкембаев бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Батыр Жүкембаев карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін өткізген 18 жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған. Оның 14-ін мерзімінен бұрын бітірген.

Ал Сабриэль Матиас осы уақытқа дейін 17 жекпе-жектің 16-сында жеңіске жеткен.

https://youtu.be/d8MjwVCj3T0

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram