Қазақстанда биыл неше түлек мектеп бітіреді?

Жалпы 3 миллион 400 мыңнан астам оқушымыз бар. Осы оқу жылында оқу процесі әр түрлі форматтармен жүрді. Оқушы саны 300 балаға дейінгі мектептердің бәрі дәстүрлі форматта оқыды. Ол мектептерде 120 мыңнан астам бала бар. Сонымен бірге оқу жылының басынан бері 1-5 сыныптарда кезекші топтар аштық. Әрине бастауыш сыныптардың балаларында қашықтан оқуға дағдылары қалыптаспағандықтан олардың бәрімен елдегі санитарлық ахуалға байланысты кезекші топтар бойынша жұмыс істеуге құзырлы министрліктен рұқсат алып отырдық, — деді Майра Мелдебекова.

Министрлік өкілі ІІІ тоқсаннан бастап 9-11 сыныптарда қорытынды аттестация емтихандарын тапсыратын болғандықтан, дәстүрлі форматта білім алуға мүмкіндік алғанын еске салды.

Жыл бойында оқыту форматы әрбір елді мекеннің санитария-эпидемиология жағдайына байланысты таңдалып отырды. Қорытынды аттестаттауға баратын 264 800-ден астам бала 9 сынып түлегі, 154 400-ден астам 11 сынып түлегі бар, — деді комитет басшысы Майра Мелдебекова.

ДереккөзҚазАқпарат