Футбол: «Астана» мен «Қайрат» ойынын стадионнан көруге болады

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің шешімімен Қазақстан чемпионаты ойынына стадион сыйымдылығы 20% аспайтын көрермендердің болуына рұқсат етілді. Стадионға Ashyq қосымшасы арқылы кіре аласыз. Оны стадионға келмес бұрын, телефоныңызға алдын ала жүктеп алу қажет. Авторизациядан өтіп алсаңыз, Сізге тек QR кодты сканерлеу ғана қалады, — делінген хабарламада.

«Астана арена» стадионында өтетін ойынды Qazaqstan ұлттық телеарнасы тікелей эфирден де көрсетеді. Сонымен бірге ойынды арнаның ресми сайты арқылы да онлайн тамашалау мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, ел чемпионатындағы 12 турдан кейін елордалық «Астана» 32 ұпаймен көш басында болса, алматылық «Қайрат» 20 ұпаймен 4-орында келеді.