Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері пайда болды

Бұл туралы астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Алғашқы эскиздер пайда болды, онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы — саксофонмен бейнеленген, — делінген хабарламада.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында — оң жағындағы төменгі бұрышта «Кері байланыс» арқылы, сонымен бірге [email protected]  поштасына жіберуге болады.

Қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Эстрада әншісі, композитор, A`Studio тобының бұрынғы солисі Батырхан Шүкенов бүгін 59 жасқа толар еді. Ол 1962 жылы 18 мамырда туған. 2015 жылы 28 сәуірде қайтыс болды.

Айта кетейік, 14 мамыр күні мәдениет және спорт министрлігі Ақтоты Райымқұлова халыққа есеп беру кездесуінде Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.