Министрдің айтуына қарағанда, Қазақстанда 1 200-ге жуық елді-мекен интернет желісіне қосылмаған.
Қазіргі таңда 1 200 елді-мекенде мүлдем интернет жоқ. Сонымен бірге 510 ауылда интернеттің сапасы өте төмен. Біз бірінші кезекте 2022 жылдың соңына дейін осы 500 елді мекенге толыққанды, сапалы интернет беруді жоспарлап отырмыз. Ал 1 200 ауылға сол 2022 жылдың соңына дейін интернет беріледі. Бірақ тұрғындар саны 50 адамнан аз ауылдарға интернет беру мәселесі әлі талқыланып жатыр, — деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.