Шығыс Қазақстан облысындағы өрт: әйелдің мәйіті табылды

ШҚО полиция қызметкерлері оқиғадан екі адам жарақаттанғанын және бір әйел адамның мәйіті табылған.

Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам күйік шалып, жергілікті ауруханаға, реанимация бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері шатырдан 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тапты, мән-жайы мен деректер нақтыланып жатыр, — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ведомство мәліметінше, жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жеткен. Оның айтуынша, өртті сөндіруді секундына 20 метрге жететін қатты жел қиындатып отыр.

Өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиаорманқорғау тікұшақтары тартылған, 12,5 текше метр су шашылды.

Еске салайық, бүгін, 10 мамыр Риддер маңындағы орманның бірінде өрт шыққанын хабарлаған едік.