Бір тәулікте 2 840 адам коронавирус жұқтырды

Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған адам көп.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

  • Алматыда — 58 511 (+689),
  • Нұр-Сұлтанда — 47 998 (+586),
  • Шығыс Қазақстан облысында — 25 478 (+108),
  • Қарағанды облысында — 25 036 (+250),
  • Алматы облысында — 22 587 (+229),
  • Атырау облысында — 22 400 (+79),
  • Павлодар облысында — 21 640 (+119),
  • Батыс Қазақстан облысында – 20 105 (+145),
  • Ақмола облысында – 19 236 (+137),
  • Қостанай облысында — 14 892 (+24),
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 14 122 (+23),
  • Шымкентте — 10 016 (+139),
  • Ақтөбе облысында — 9 760 (+87)
  • Жамбыл облысында — 8 289 (+75),
  • Маңғыстау облысында — 6 016 (+60),
  • Қызылорда облысында — 5 953 (+58),
  • Түркістан облысында — 5 613 (+32).

Бір тәулікте 3 642 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 291 829 адам COVID-19-дан жазылды.

COVID-19 белгісі бар пневмониямен ауырғандар туралы дерек

2021 жылғы 5 мамырдағы мәлімет бойынша 101 адам пневмониямен ауырды. 6 адам қайтыс болды. 85 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны – 53 400. Қайтыс болған адам саны — 829. Барлығы 52 100 адам пневмониядан жазылып шықты.