Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар саны 1,5 миллионнан асты

6 мамырдағы дерек бойынша елімізде 1 565 681 адам вакцина салдырды. Олардың 460 230-ы вакцинаның екі компонентін де алды, – делінген хабарламада.

Вакцинация бойынша Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 240 808 адам салдырған. Ал Алматы облысында екпе алғандар саны – 174 185.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында. Өңірде 30 778 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

статистика, коронавирус

Айта кетейік, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпан күні басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияны тоқтату үшін елімізде 6 миллион адам екпе салдыруы керек екенін айтты.

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, сәуір, мамыр, маусымда ай сайын 2 миллион адамға вакцина егіледі.

Тағы оқыңыз:

Вакцинация туралы кең таралған 9 сұрақтың жауабы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да