Қазіргі уақытта Ескі алаңға 500-ге жуық адам жиналды. Оларға Үкімет аппаратының басшысы Жеңісбек Асанқұлов шықты.
Қазір төрт автобус келіп, барлығы әскери комиссариатқа бара алады, сол жерде тізім жасаймыз, — деді ол.
Айта кетейік, екі ел шекарасының маңындағы қақтығыс 28 сәуір кешкісін басталған. Шекара маңындағы қырғыз және тәжік ауылдарының тұрғындары арасында жанжал болған. 29 сәуірде Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы даулы шекара аймағында қақтығыс тағы қайталанды. Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбекова 28-29 сәуірдегі қақтығыстан Қырғызстанның 84 азаматы жараланып, үш адам көз жұмғанын хабарлады. 1 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан және Тәжікстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті.