Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан және Тәжікстан президенттерімен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына бауырлас ел азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты. Президенті мұндай шекаралық мәселелерді өзара түсіністік пен тату көрші ретінде тек бейбіт жолмен шешу қажет екенін айтты. Ол Душанбеде өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің табысты болуын тіледі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қажет болған жағдайда Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек беруге әзір екенін айтты.

Садыр Жапаров бауырлас Қазақстанның достық ниет танытқанына ризашылық білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзара ынтымақтастықтың барлық мәселесін жедел шешу үшін тұрақты байланыста болатынын жеткізді, — делінген хабарламада.

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қырғызстан шекарасында қалыптасқан шиеленісті ахуалға байланысты алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдай көрші мемлекеттер мен олардың азаматтарына қауіп төндіретінін айтты.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа шекарадағы қақтығыстың тарихы мен қазіргі қалыптасқан жағдай туралы толық ақпарат берді.

Мемлекеттер басшылары Орталық Азия өңіріндегі ахуалға қатысты пікір алмасу мақсатымен тұрақты байланыста болуға уағдаласты, — делінген хабарламада.

Екі елдің құзырлы ведомстволары жоғары деңгейдегі кездесуге дайындалады.

Айта кетейік, екі ел шекарасының маңындағы қақтығыс 28 сәуір кешкісін басталған. Шекара маңындағы қырғыз және тәжік ауылдарының тұрғындары арасында жанжал болған. 29 сәуірде Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы даулы шекара аймағында қақтығыс тағы қайталанды. Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбекова 28-29 сәуірдегі қақтығыстан Қырғызстанның 84 азаматы жараланып, үш адам көз жұмғанын хабарлады.