Басты бетҚоғамАсқар Мамин...

Асқар Мамин Ресей премьер-министірімен кездесті

Бұл турады премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, геология салаларындағы, сонымен бірге өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Фото: Primeministr.kz

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен келесі бірқатар құжатқа қол қойылды:

  • ҚР мен РФ үкіметтері арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы;
  • «Қазгеология» АҚ мен «Росгеология» АҚ арасындағы Қазақстан мен Ресей және шет мемлекеттердің аумақтарындағы пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • ҚР аумағында көмірсутегі кен орындарын игеру және геологиялық барлау бойынша бірлескен қызмет саласындағы жобаларды іске асыру ниеті туралы келісім;
  • «ҚР-да бутадиен және туынды өнімдер өндірісі» жобасын іске асырудың жол картасы;
  • «Бутадиен» жобасын басқару мәселелері жөніндегі шекті шарт;
  • «KIDF Management company» Ltd, Ресей тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) және «Mubadala Investment Company» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • қатты пайдалы қазбалар бойынша юниорлық компаниялардың Еуразиялық биржасын құру туралы меморандум.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.