Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар саны миллионнан асты

28 сәуірдегі дерек бойынша елімізде 1 016 809 адам вакцина салдырды. Олардың 205 188-і вакцинаның екі компонентін де алды, – делінген хабарламада.

Вакцинация бойынша Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 195 290 адам салдырған. Ал Алматы облысында екпе алғандар саны — 133 987.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында. Өңірде 21 397 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Айта кетейік, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпан күні басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияны тоқтату үшін елімізде 6 миллион адам екпе салдыруы керек екенін айтты.

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, сәуір, мамыр, маусымда ай сайын 2 миллион адамға вакцина егіледі. Ал Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айында 1 миллион қазақстандықтың вакцина алатынын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз:

Вакцинация туралы кең таралған 9 сұрақтың жауабы